«Ұлттық құндылықтардың бастауы – тарих»
Қара таудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып бос келеді.
Қара күнді жамылып қара қазақ,
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шұлғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өшкен еді.
«Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен» заман болды. Қалың елді
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар азулы жауды Аңырақайда жеңді. Райымбек сияқты киелі батырлар кейін
шапқан
кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастады.
Қазақ жерінде болған қасіретті «Ақтабан шұбырынды» көрінісін сіздерге 7 «В» сыныбының оқушылары ұсынады.
ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп,мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.
Алашордалықтардың бастан өткергені туралы көріністі 9 «А,Б» сынып оқушылары ұсынады.Тоқтаровтай батырлар неткен жалын!
Оқтан ықпай, елім деп төккен қанын.
Батырларым жалынын жалаулатып,
Жатыр мәңгі аялап еккен бағын.
Бауыржандар Мәскеуді қорғап қалған,
Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.
Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,
Батырлығы бағым боп орнап қалған.
Қорған болған елінің елдігіне,
Батырлардың бас идік ерлігіне!
1941 – 1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, жолында жан қиған қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Батырлықты батырлардың ұрпағы Бауыржан Момышұлы бастады.
«Ұлы Отан соғысы» көрінісімен 8 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырсақ
«Қазақ елі хан сайлар зор данасын,
Ғажапелдікелімсекқорламасын!»-
Деп, Қайратыкөтердінамыстуын,
Кек қайнатты өрт жалын Орда басын.
1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
Келесі кезекте 7 «А» сыныбы оқушыларының «Желтоқсан оқиғасы» көрінісін қабыл алыңыздар.
«Мен қазақпын» өлеңі
Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде,
Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге,
Баба түркі сөз төркінін ыждағатпен қопардың,
Семейдің зор қасіретін әйгіледің әлемге,
Сөйтіп Абай, Шәкәрімнің аруағынан бата алдың – деп заңғар ақын М.Шаханов О.Сүлейменовке өлең арнаған екен.
1989 жылдыңақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың28 тамызы.
Ортамызда 9 «В» сыныбы «Семей полигоны» атты таныстырылымымен.
Қазіргі уақытта тәуелсіз еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша астанамыз «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.Елордамыздың даму тарихы мен мәдениеті туралы 6 «В» сынып оқушыларының «Столица Нур - Султан – 25 лет успеха и роста» тақырыбындағы таныстырылымын қабыл алыңыздар.
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен
Тағдыры шыншыл бабалар!- дей отырып, бүгінгі «Ұлттық құндылықтардың бастауы – тарих» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Мектеп оқушыларының орындауында хор «Қазақстаным – Отаным менің» әні