Орыс тілінде жүретін сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орыс тілінде жүретін сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі
16
апрель
2022

Орыс тілінде жүретін сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебі

№1 жалпы орта білім беретін   мектеп-гимназиясының оқу орыс тілінде жүретін сыныптардағы  қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімдерінің

2021-2022 оқу жылында  атқарылған жұмыстарының есебі


   2021-2022 оқу жылында оқу орыс тілінде жүретін сыныптардағы  қазақ тілі мен әдебиеті  пәні бірлестігі «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тиімді әдістерді қолдану арқылы мұғалімнің кәсіби дамуына және  білім алушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасау» тақырыбында жұмыс жасап келе жатырмыз. 

Әдістемелік білестіктің мақсаты:  Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пән мұғалімдері тиімді әдістерді қолдану арқылы  саналы білім алу мен сапалы оқыту жүйесін арттыру;

Әдістемелік бірлестіктің міндеттері

-әдістемелік нұсқау хатпен жұмыс жасау;

-білімалушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-пән бойынша дарынды және үлгерімі төмен білімалушыларды анықтау;

-білім сапасын арттыруда білімалушының білімі мен біліктілік деңгейін нақты бағалау;

-мұғалімнің кәсіби шеберлігіне шыңдалып өсуіне,жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру;

-қазіргі талапқа сай білім сайттарын тиімді пайдалану;

 Бірлестікте 9 мұғалім жұмыс жасайды. Барлығы түгел жоғары білімді ұстаздар. Мұғалімдердің сапалық құрамы бойынша педагог-модератор- 2,  педагог-сарапшы-3, педагог-зерттеуші-1, бірінші санатты-1, екінші санатты-1, санаты жоқ-1. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігіндегі пән мұғалімдері толықтай жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтті. 

    Қыркүйек айында ӘБ-тің І мәжілісі болды. Мәжілісте ӘБ жетекшісі Сексенбаева Ж.М.. бірлестік мүшелерін жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.  

Биылғы оқу жылында әдістемелік бірлестікте  бес мәжіліс жоспарланған.


І отырыс Тамыз айы

1.2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім  беру ұйымдарында  оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хатпен танысу;


2.Пән мұғалімдерінің жүктемелерін бекіту. Пән мұғалімдерінің ҰМЖ, ОМЖ,КТЖ, курс бағдарламаларын қарау, бекітуге ұсыну;

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен таныстыру; 9-11-сыныптарда қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыс жоспарын ұйымдастыру;

4. Мұғалімдердің  шығармашылық тақырыптарын жоспарлау, бекіту;         

5. БЖБ,ТЖБ жұмыстарының  І жарты жылдықтың кестесін бекіту;



ІІ әдістемелік отырыс Қараша айы І тоқсан қорытындысы, мониторингісі

Жиынтық бағалау қорытындысы. Модерация үдерісінің жүргізілуі.

2.Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда сындарлы оқытудың тиімді жолдары  кеңес беру

3.Бастапқы бақылау жұмысын өткізу; (мониторинг жасау)

4. 2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы

оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша әр пән мұғалімнің жасаған жұмыстарының нәтижесі


5.9-11-сынып бойынша қорытынды   аттестаттаудың  дайындығы бойынша  тест жұмыстарының сараптамасы, түзету жұмыстарының нәтижесі.

6.5-11 сынып оқушыларын мектепішілік, аудандық,облыстық,республикалық  пән олимпиадаларына дайындау

7.«Бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау жолдары» кеңес беру; коучинг Есиркепова Ж. 


ІІІ әдістемелік отырыс Желтоқсан айы

1.ІІ тоқсан қорытындысы. Жиынтық бағалау қорытындысы және модерация үдерісінің жүргізілуі

2.«Тіл-мемлекеттік тәуелсіздігінің символы» атты ХV Республикалық қашықтық олимпиадаға білім алушыларды қатыстыру 

Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы   

3.  9-11-сынып бойынша қорытынды  аттестаттаудың  дайындығы бойынша  І жарты жылдықтағы тест жұмыстарының сараптамасы, түзету жұмыстарының нәтижесі

4.«Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары» дөңгелек үстел Арыстанбекова И.А.


IV   әдістемелік отырыс Наурыз айы

  1. І жарты жылдықтың қорытындысы Жиынтық бағалау қорытындысы. Модерация үдерісі
  2.    ІІІ тоқсан қорытындысы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша апталықтың қорытындысы және модерация үдерісінің жүргізілуі                                                   
  3. 9-11-сынып бойынша қорытынды  аттестаттаудың  дайындығы бойынша  І жарты жылдықтағы тест жұмыстарының сараптамасы, түзету жұмыстарының нәтижесі.
  4. Әр пән мұғалімнің ІІ тоқсан бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жасаған жұмыстардың қорытындысы
Қаңтар айының   12-жұлдызында өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті   әдістемелік бірлестік мүшелеріне   арналған «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыбындағы   кезектен    тыс  отырысы болып өтті


   2021-2022оқу жылындағы 01.03.-14.03.2022ж. наурыз айында өткізілген  оқу орыс тілінде жүретін сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің   онкүндік іс-шарасы өтті. 

 Апталықта 8 мұғалім ашық сабақтар және оқушыға бағытталған сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Апталық жоғарғы деңгейде, ұйымдасқан түрде өткізілді. Белгіленген жоспар бойынша апталықтың   ашылуы наурыз айының 1-жұлдызына сәйкес келіп отыр. «1 наурыз-Алғыс айту күні» мерекесіне орай  

«Ризамын халқыма!»     тақырыбында    5-11 сыныптар арасында апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. 

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу.Мектеп директорының оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.С. Адильбекова  сөз алып, апталықтың жоғары деңгейде өтуіне әр мұғалім өз үлесін қосады деген сенімін білдірді.  Іс –шараға жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.

Наурыз айының 4-ші жұлдызында «Оқу үдерісіндегі кері байланысты орнатудың тиімді жолдары» тақырыбында жас мамандармен мектепішілік коучинг ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Коучингтің мақсаты: Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер беру, кері байланыстың маңыздылығын ашу, кері байланыс ұйымдастыру жолдарын анықтау.Оқушылардың көңіл-күйіне, сабақтағы іс- әрекетке, оқу материалдарына кері байланыс жасау жолдарын жоспарлауды бірлестіріп қарастыру. Пән мұғалімдерге бірнеше сұрақтар қойылды. Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыстың қандай түрлері білесіз? Кері байланыс қандай мақсатпен жүргізіледі? Кері байланыс сабақтың қай кезеңінде жүргізіледі? Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады;



Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту технологиялары,сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б)өзгерістер енгізуге көмектесетін мәліметтер алады. Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады.

   02.03.2022 жылы  пән мұғалімдері Арыстанбекова И. Артаева А. Сексенбаева Ж.5-9 сыныптар арасында эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: Бұл шығармашылық жұмыста білім алушының ойын еркін жеткізе білуі,тілдік құралдарды қолдана алуы,қолданылатын лексикалық минимумының мөлшері мен күрделілік деңгейі   бағаланады. Эссеге қойылатын талаптар -Эссе құрылымының сақталуы (10 балл) -Оқушының жеке көзқарасын білдіруі,

жазба жұмысының өмірмен байланысы (10 балл) -Ұсынылған тезистердің  нақты дәлелдемелермен  дәйектелуі (аргументтер) (10 балл) -Тақырып бойынша ой жүйесі; мағыналық тұтастық (10 балл) -Сауаттылық (пунктуация,орфография, логикалық заңдылықтың сақталынуы) (10 балл) Эссенің тақырыптары: «Ата-ана-алтын тұғырым», «Еңбек-ырыстың бұлағы», «Достық -асыл қасиет» тақырыбында білім алушылар өздері таңдаған тақырыптарына жазып шықты


Наурыз айының 3-ші жұлдызында  орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында 4-сыныптар арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты интеллектуалды сайыс өтті.Сайысқа екі топ қатысты.Сайыс 6-кезеңнен тұрды.Білімалушылар қызығушылықпен белсене қатысты.Сайыс соңында "Жас талап" тобы жеңіске жетті.Білімалушыларды тәттілермен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Пән мұғалімдері Байгараева К.А және Жайдакбаева Д.К.




Наурыз айының 9- жұлдызында  9В сыныбымен қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі Жакипбекова Бахыт ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы "Алаш және тәуелсіздік". Білім алушылардың жан - жақты білімдерін кетсеру үшін "Wordwall" платформасын пайдаланды. Сабақ барысында, "Мозайка","Тыңдау-көру-орындау" әдістерін пайдаланды."Quizlet" платформасымен сабақты қорытындылады. Сабақ барысында топтық, жұптық,  жеке жұмыстары  жүргізілді. Сабаққа білім алушылар белсене қатысты. Сабақ жақсы өтті.


11 наурыз күні Сексенбаева Жанар 6 «В» сыныбымен «Спорт түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 

 Сабақтың басында оқушылармен ынтымақтастық орнату мақсатында «Шаттық шеңберін» құрды. Үлестірмелі қағаздар арқылы топқа бөлді. Қысқы және жазғы олимпиада ойындарының айырмашылықтары қандай? «Венндиаграмма» әдісі   бойынша үй тапсырмасы сұралды. «Learningapps» әдісі арқылы білім алушылардың білімін жан-жақты тексерді.

 Ережелерді еске түсірді. «Wordwall» платформасы арқылы жаңа тақырыпты ашты. «Қабырғадағы сұрақтар» арқылы қазақстанның танымал спортшылары туралы мәлімет берді. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша оқылым жүргізілді.  «Тыңдап- отырған үштік » әдісі.арқылы топпен жұмыс жүргізілді, топта оқушылар өз белсенділіктерін  айқын көрсете білді. Екі топтың да тапсырмалары әр түрлі болды.   «Хикая картасына» ,«Балық қаңқасы» сынды әдістерді қолданды.
 
Мұғалім сабақ барысында әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін жүргізіп отырды. Сабақты қорытындалау кезінде І топ « Кейіпкерге хат» ІІ топ  «Бір сөйлемнен тұжырымдаңыз»  болатын.   Әдістер өте тиімді болды. Сабақ соңында оқушылардан «3-2-1» арқылы  кері байланыс алынды. Жалпы айтқанда оқушылардың  қазақ тілін меңгеріп, төл дыбыстарды шұбарландырмай нақты сөйлегені және сын есімнің түрлерін жаңылмай ажыратып, талдау жасағаны орыс тілді оқушылар үшін үлкен жетістік екенін айтқым келеді.       


10 наурыз күні Есиркепова Жадыра Жарылкасыновна  4"Г" сыныбында "Пайдалы өсімдіктер " тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа білім алушылар белсене қатысып, берілген тапсырмаларды орындап шықты. Сабақта "Хикая картасы","Кластер",   "Бір минуттық эссе" әдістері қолданылды. 


Наурыз айының 10-шы жұлдызында  Арыстанбекова Индира Айдархановна 7"В" сыныбында "Наурызкөже ішеміз" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа білім алушылар белсене қатысып, берілген тапсырмаларды орындап шықты. Сабақта "Пазл"," Галлереяға шарлау", "Балық қаңқасы"," Артығын тап", "Бір минуттық эссе" әдістері қолданылды. 


Наурыз айының 10 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жайдакбаева Дина Калдарбековна.4 «В» сыныбымен «Құстар мен жәндіктер» тақырыбында сабақ өткізілді.Білім алушыларға әр-түрлі деңгейде тапсырмалар  ұсынылды.Wordwall платформасында оқушылар қызығушылықпен тапсырманы орындады.«Қадам жаса»,«Адасқан әріптер»,«Артығын тап» әдістерін қолданды.


11 наурыз күні  Алишева Айнұр 4 «В» сыныбымен «Қызыл кітапқа енген гүлдер»» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ құрылымы жақсы.  «Серпілген сауал », «Мозайка»,  «Галереяға шарлау »әдістерін  қолданды. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушыларға бүгінгі өтетін жаңа сөздерді үш тілде   таныстырып өтті. Оқушылар қазақ тілінде сөйлеп дыбыстық талдау жасады. Мұғалімнің сабақ барысында өзін-өзі ұстауы, оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы. Сабақта берілген тапсырмалардың барлығын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай құрылған. Сабақ соңында  «.Wordwall платформасында»  арқылы оқушылардың бүгінгі сабақта нені меңгергендігі туралы бір-бірлеріне бірнеше сауалдар қойды.  «Кемпірқосақ» арқылы оқушылардан кері байланыс алды.

11 наурыз күні Баңғараева Калия  3 «В» сыныбымен «Кел,балалар,оқылық!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылымы  жақсы құрылған, мұғалім сабақ барысында оқушылармен бірлесе отырып жұмыстар атқарды. Оқушылардың білімдерін тексеру үшін «Бұлт көшкіні» әдісін қолданды. Оқушылар жапырақ  ішіндегі сұрақтарға жеке-жеке жауап беріп отырды.  Сабақтың ортасында бүгінгі өтетін жаңа сөздермен таныстырып, «Тыңдау-көру-орындау» әдісі арқылы мәтінді оқушыларға тыңдатты. . Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау жүріп, ауызша кері байланыс үдерісі жүрді. Оқушылар бағалау кезінде өзін-өзі, өзара қалай бағалағанын айтып, еркін жауап берді. І топ Мәтінді ретімен орналастырса, ІІ топ Диалогті ретімен орналастырды. Сабақ соңында «Кім жылдам» ойыны арқылы І топ Әнелді киіндірсе, ІІ топ Әлібекті киіндіріп сабақты қорытындылады.  «Бағдаршам» арқылы кері байланыс жасады.

10 наурыз күні  5"В" сыныбында "Өнер-білім бар жұрттар..." тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі:   Артаева Айгуль Ергалиевна.

Сабаққа білім алушылар белсене қатысып, берілген тапсырмаларды мұқият орындап шықты. Сабақта "Ашық микрофон"," Ой қозғау", "Ойлан-жұптас-бөліс"," Алма ағашы", "Жүзім шоқтары","Сұрақ-жауап"әдістері қолданылды. "Wordwall"платформасы арқылы сәйкестендіру,тест тапсырмалары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды.Білім алушылар өнер мен білімнің арқасында көптеген жетістіктерге жететіндігін түсінді. 



Апталықтың жабылуы наурыз айының 14 жұлдызында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 8в-9в сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Алаш ардақтысы,  реформатор,   ғылымның елді ағарту жұмыстарындағы рөлі, өмірбаяны, тіл мен әдебиет ғылымдарының негізін салудағы зор еңбектері туралы айтылды. Ахмет Байтұрсынұлы халқымыздың бейбіт те  берекелі өмір сүруі үшін, болашақ ұрпақ үшін қызмет еткен. Білім алушылар "Буктрейлер" қорғап, "Жылдар сөйлейді"   бөліміне белсене қатысты. Сонымен қатар, ұлт ұстазының таңдамал еңбектерін орыс, ағылшын және түрік тілдеріне аудару, ғылыми еңбектерінің толық жинағының 12 томдығын баспадан шығару, Ахмет Байтұрсынұлының және «Алаш» қозғалысының басқа да қайраткерлерінің еңбектерін шетелдердің архивтерінен  іздестіріп, ғылыми айналымға енгізу бойынша мәліметтермен бөлістіІс-шараға 9-сыныптың оқушылары қатысты. Ең алдымен ақынның өмір жолын оқушыларға бейнетаспадан көрсетіп өтті. Оқушылар ақынның басқада шығармаларымен танысып, өз ойларын ортаға салып отырды. Жауапты: Жакипбекова Б.Т.

Онкүндіктің қорытындысын шығара отырып №1 жалпы орта   білім беретін мектеп-гимназиясының оқу орыс тілінде жүретін сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жоғары дәрежеде көрсетті деп сенімді түрде айтуға болады. Өткізілген ашық сабақтар үш деңгейде бағаланды.

-Жоғарғы деңгей;

- жеткілікті деңгей;

- Жеткіліксіз деңгей;

Жеткілікті деңгейде: 

И.А. Арыстанбекова , А.Е. Артаева, Ж.М. Сексенбаева, А.И. Алишева, Ж.Ж. Есиркепова , К.А. Байгараева Ж Есиркепова сынды мұғалімдердің сабақтары әдістемелік жағынан дұрыс құрылғанымен, шығармашылық пен жұмыс жасауға ынталы екендерін байқатты.Сонымен қатар,бірнеше жаңа әдіс-тәсілдерді көрсетті. «Word wall» платформасын сабақтың басы мен соңына қолдана білді. 

Жеткіліксіз деңгейде: төмен көрсеткен мұғалімдер болмады. Сабақта дер кезінде талданып, пікір алмасып отырды. Ұсыныстар  айтылды.     

Қорыта айтқанда

1.Мұғалімдер іс-шара өткізу барысында оқытудың замануи педагогикалық технологиялар элементтерін және әдістерін қолданды.

2. Сабақ барысында АКТ-ны  тиімді   пайдаланды.

3. Мұғалімдер сабақ барысында  саралау  тапсырмаларды қолданып отырды. Қалыптастырушы бағалау және өзін-өзі бағалау жүріп отырды. 

Ұсыныс

  1. Бірлестік мұғалімдері әрі қарай өз білімдерін көтеріп, жаңа заманауи технологияларды әр сабақтарында қолданылсын.
  2. Жас мамандар үнемі сабақтарға қатысып тәжірибе жинақтасын. 

Оқушылардың сапалы білім алуының  көрсеткіші - пәндік олимпиада бойынша ақпарат.


Оқу жылы

Қатысқан мектептер

Республикалық пәндік олимпиаданың  облыстық кезеінің жүлдегерлері

2019-2020

№1ЖОББМГ

Мустафаева Чичек ІІІ дәрежелі диплом

2020-2021

№1ЖОББМГ


Абишева Эллада ІІ дәрежелі диплом

2021-2022

№1ЖОББМГ

Мамедова Зейнаб ІІ дәрежелі диплом

1-тоқсан бойынша білім сапасы-65,4

2-тоқсан бойынша білім сапасы-67,6

3-тоқсан бойынша білім сапасы-68,4

Қараша айында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектепішілік өзге ұлт өкілдері арасында «Тәуелсіздік тұғыры» мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. 

Желтоқсан айында тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектепішілік өзге ұлт өкілдеріне арналған «Мен -Қазақстандықпын» мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. 

Ақпан айында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жылдығына орай «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» әдеби кеш өткізілді.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив