02
сентябрь
2025
“Мектебім – мейірім мекенім!” салтанатты жиын
2025 жылдың 1 қыркүйегінде Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында (ресурстық орталығы) білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.Салтанатты жиын Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, мерекелік концертпен жалғасты.
Салтанатты шара барысында алғашқы қадамдарын мектеп табалдырығынан бастаған 1 сынып бүлдіршіндерін қарсы алудан басталды.Мектеп-гимназия директорыБексултанова Мадина Болатқызы мектептің жетістіктеріне тоқталып, 1 сынып бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиынға арнайы Меркі ауданы әкімінің орынбасары -Әбілдаев Ернар Ғалиұлы, Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері -Багадилова Куралай Куатовна, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімінің орынбасары- Капалбеков Айбек, "Аталар" кеңесінің төрағасы Еңсебеков Камидулла, "Әжелер" кеңесінің төрайымы Жазықбаева Ақбөпе Сарсенқызы, ардагер ұстаз -Ахметханова Бағила Туралиевна
құрметті қонақтар қатарынан көрініп, білім алушылар мен ұстаздарға жылы лебіздерін арнады.
Көңілде ұмытылмас әсер, жүректе шаттық!
Жаңа оқу жылы бәрімізге сәттілік әкелсін!




