М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылар құрамы кәсіптікбағдар беру бағытындамектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылар құрамы кәсіптікбағдар беру бағытындамектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді
Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіб білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру - мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады.
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 13 сәуірі күні№1 ЖОББМГ – да кәсіби бағдар беру жұмысы негізіндеМ.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылар құрамы мектеп бітіруші түлектерге 2022-2023 оқу жылындағы мамандықтар бойынша күндізгі және қашықтықтан оқу бөлімдеріне қабылдау ережелерін ұсынды. Сонымен қатар ақпараттық бағдарлама парақшаралары тарқатылып, кездесу барысында мектеп түлектеріне кәсіптік ақыл-кеңестер берілді. Кездесуге келгендердің барлығы мемлекеттік тапсырыс бойынша болатын мамандықтарға үлкен қызығушылық танытты. Кәсібін жанына жақын етіп таңдау үшін оның мазмұнымен жақын таныс болу керек. Сол себеппен оқушылар кәсіптік шеберлік сағаттарына шақырылды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде мектеп әкімшілігімен келісе жүргізілді.
Кездесу барысында мектеп түлектері төмендегідей сұрақтар қойды:
- Университет бітірген бойда, студенттердің әрі қарай шет елде білім алудағы мүмкіндіктері қандай?
- Ақылы топтардағы оқитын студенттерге қандай көмек көрсетіледі?
- Мамандықбойыншамашықбазаларықайдаболады?
- Үйірмеге қатысатын студенттердің жетістіктері бар ма?
- Дипломды алған соң студенттер жұмысқа қалай орналасады?
- Қосымшамамандықсертификаттарынанкөмекбарма?
- Диплом алған бойда студенттер мамандық бойынша 3 жыл жұмыс жасаулары міндетті ма?
Оқытушылар оқушылардың сұрақтарына дұрыс жауап беруге тырысты.