05
ноябрь
2022
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы
2022 жылдың 5 қараша күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында, күзгі демалыс уақытындағы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың,тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгез қараудың алдын алу, өмірлік қиын жағдайда өмір сүріп жатқан отбасыларын анықтау,құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кешкі рейд АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторлары Г. Килебаева, Е. Тупековпен іс-шаралар жүргізілді. Рейд барысында Сарымолдаев ауылдық округі, Садовая11 үйде 4 баласымен жалдамалы пәтерде өмірлік қиын жағдайда тұрып жатқан отбасына және түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген отбасыларына ескерту мақсатында жүргізілді. Отбасына әлеуметтік көмек көрсету үшін демеушілер ұйымдастырылып, әлеуметтік көмек көрсетілді. ҚР Әкімшілік Кодексінің 127,442 баптары туралы ақпарат берілді.