25
декабрь
2023
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында құқық қорғау органдарымен бірлескен жиналыс өткізілді
12.2023ж. күні Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында құқық қорғау органдарымен бірлескен жиналыс өткізілді. Жиналысқа Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция инспекторы Арна Маңызқызы, ДҚТЖО А.Таукебаева, сынып жетекшілері қатысты. Жиналыста мереке және қысқы демалыс күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу, пиротехникалық заттарды пайдаланудың қауіптілігі мен зардаптары, ашық мұз айдындарында және тау бөктерінде сырғанау кезінде білім алушылардың өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау туралы ескертілді. Сонымен қатар түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүрмеу, тойханалар мен мейрамханаларда даяшы болып жұмыс істеулеріне жол берілмейтіндігі туралы айтылды