06
декабрь
2023
Ювиналды полиция қызметкерлерімен кездесу
2023 жылдың 6 желтоқсан күні «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына ақпараттық науқаны аясында, балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру, мүдделі мемлекеттік ұйымдарының басшылары, қызметкерлерінің кездесулері арқылы балалардың құқықтарын қорғау мақсатында, балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің профилактикасы бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша Меркі АПБ-нің орынбасары полиция майоры Толеген Сейтжан, Меркі АПБ-нің ЖПҚБ УПИ полиция лейтенанты Мырзабай Шыңғы, Меркі АПБ-нің КТІЖ учаскелік полиция инспекторы А.Маңызқызы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаеваның қатысуымен 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында мектептің Жарғысын және мектептің ішкі тәртіп ережесін бұзу, сабақтарға себепсіз қатыспау, әкімшілік құқық бұзушылық жасау, әр түрлі зиянды заттарды пайдаланған жағдайда мектепішілік есепке алынатынын, сондықтан мектепте, қоғамдық орындарда тәртіпті қатаң сақтау керектігі түсіндіріліп, электронды темекінің зияны, интернет алаяқтықтан сақтану керектігі, кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз көшеде, қоғамдық жерлерде жүрмеу керектігі, жасөспірімдер арасындағы ұрлық, бопсалау, баланы жәбірлеу ( буллингтің) сынды қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары жөнінде ақпараттарды айтып өтті.