15
апрель
2026
14–17 жастағы қыз балалар арасында ДИРЕКТОРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

14–17 жастағы қыз балалар арасында ДИРЕКТОРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІАсанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 2026 жылдың 15 сәуір күні 14–17 жастағы қыз балалар арасында санитарлық-гигиеналық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектеп директорының қатысуымен директордың тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында қыз балаларға жеке бас гигиенасы, денсаулықты сақтау, қауіпсіз мінез-құлық ережелері, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу, өз құқығын қорғау, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік мәселелері де қарастырылды.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарына нақты жауаптар алды.