18
март
2019
"Төтенше жағдайлардың алдын алу"
Профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында 2019 жылдың 15 күні Меркі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері – Анарбек Ерболат Қанатұлымен кездесу өткізілді. Аталған іс-шара барысында өрттің алдын алу тақырыбындағы ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратылып, пиротехникаларды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, табиғи апаттан, өрттен, техногендік авариялардан қрғаны, аулақ болу жөнінде кеңінен әңгіме қозғалды. Отшашулар, атқыштар, өшірілмеген газ, электр энергиясын қолдану кезінде өрттің шығу оқиғалары тіркеліп жататындығын, соның салдарынан әсіресе, кәмелет жасқа толмаған балалардың жарақат алу және күйік шалу жағдайлары кездесіп, нәтижесінде күйік орталықтарына балалардың түрлі жарақат алып түсіп жататындығын ескертті. Міне өрт сөндірушілердің дабыл қағуы да сондықтан екендігін тілге тиек етті. Қарапайым ғана өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларын түсіндіру қажет екендігін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.