30
ноябрь
2021
«Ромео мен Джульетта» трагедиясының қойылымы
"Театр сабақтары" жобасы аясында тәрбие жоспарының көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша костюм элементтерін, декорацияларды қолдана арқылы қойылымдарды ойнау, кейіпкерлердің эмоционалды әл-қуатын түсіну және сезіну, басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынаста болу,аудитория алдынан шығу, бейнеліліктің тәсілдерін (интонация, ым, қимыл) қолдана таныс әдеби шығармалар бойынша қарапайым қойылымдарды сахналау мақсатында 8 "В" сынып білім алушылары У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясының қойылымын қойып, келген әрбір көрерменнің жүрегіне жол тапты. Көшедегі балалардың ойыны Монтекки және Капулетти атты екі үлкен әулеттің «шағын шайқасына» себеп бола алады. Олар бұрыннан текетіресіп келеді. Бұл жанжалдың соңы қан төгіліп, жан алумен бітетін білмейді. Себебі, екі әулет арасындағы қырғи-қабақтық – екі ғашықтың сезіміне кедергі.Достар арасындағы адалдық, шыншылдық, демеу көрініс алғашында өте көңілді бейнеленеді. Ал соңында зор трагедияға алмасады. Көріністің шарықтау шегі осы жерден бастау алады.Қойылымның аудармасы керемет жасалған. Білім алушылардың сөз саптауы, музыкалық сүйемелдеу, киімдердің үйлестірілуі – бір-бірімен үндесті, ал әртістік шеберлігі бір төбе. Әсіресе, Ромеоның достары Бенволио мен Меркуционың әзіл-қалжыңы аралас ойындары көрермендерге күлкі сыйлады
Жетекшілері: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
С.Таштемирова
Сынып жетекшісі Г.Кельгенбаева