24
январь
2023
⚜️⚜️"Қазақтың ұлттық киім үлгілері"
⚜️⚜️"Қазақтың ұлттық киім үлгілері"
⚜️⚜️"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында тәрбие жоспарының "ұлттық тәрбие" бағытына сәйкес, мектеп-гимназиямызда "Қазақтың ұлттық киім үлгілері" тақырыбында бенекөрсетілім, презентация байқауы болып өтті. Іс-шараның басты мақсаты- білім алушыларға ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан қазақтың ұлттық, бірегей, көне киімдерін кеңінен насихаттау, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Байқауға 5.6 сынып білім алушылары «Қазақтың ұлттық бас киімдері» , «Қазақтың ұлттық сырт киімдері»
«Қазақтың ұлттық аяқ киімдері» бөлімдері бойынша тымақ түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ, бөрік, сәукеле, қарқара, қасаба, тақия,тон,қамқа тон, шапан, шекпен, ішік, күпіт , жақы, шоңқайма етік, саптама етік т.б. түрлері бойынша бейнепрезентация дайындап, қорғады. Үздіктер анықталып, дипломдармен марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді.
Жауапты кітапханашы М.Кожайбаева