15
декабрь
2023
"Ағасы бардың - жағасы бар"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы " аясында "Даналық мектебі" клубының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағалардың іні-қарындасы алдындағы жауапкершілігін арттыру, ағалық міндеттің мағынасын ашу, інілері мен қарындастарына қамқорлық жасаудың мәнін түсіндіру, аға өзінің соңынан ерген інілері мен қарындастарына тірек, қорғаныш, әр отбасындағы жол бастайтын, өзінен кейінгілерге бағыт бағдар беретін тұлға, отбасылық қамқорлыққа тәрбиелеу мақсатында"Ағасы бардың - жағасы бар" тақырыбында ағалармен кездесу өткізілді.
Іс- шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбековна ашып, іс-шараның мақсатына тоқталып, бір ана, бір әкеден туған іні қарындастарымыз ғана емес, күллі елдің баласын бауыр қарындас көріп, ағалық қамқорлық жасауы қажеттілігін айтып өтті.
Іні мен қарындасы ағасына қарап бой түзейді, қиналғанда ағасын арқа тұтады. Ал қазіргі таңда балалар жасөспірім шағында ағаларының қамқорлығын көріп жүр ме? Осындай сұрақтар төңірегінде ағалар пікір алмасты. "Жылдам дебат", "Жұмыртқа аршу", " Дайын тағам"," Стресстен шығу" топтық жұмыстары, жағдаяттар, сондай-ақ, білім алушылар да ағаларына сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. 9 сынып білім алушысы Ерсайын Нұрбақыт ағасы Мүсілім Досжан "Ағам бар менің" әнін орындады.
Жауапты: мектеп психологы Е.Олжабаева
#Біртұтас_тәрбие