«IT мамандығының артықшылықтарымен таныстыру»
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2023 жылдың 14 желтоқсан күні кәсіби бағдар жұмыс жоспарына сәйкес 9 «А», «Б»,10 «А»,11 «А», «Б» сынып білім алушылары және ДБІЖО Касымова Н.Қ., кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., «IT мамандығының артықшылықтарымен таныстыру» тақырыбында білім алушыларға өркениетке ұмтылу, цифрлық технологияларды қолданысқа енгізіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және ел экономикасының даму қарқынын жеделдету, IТ мамандықтарымен тереңірек таныстыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге №9 Меркі коллеждің "Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" Мусаева Алия Турысбековна мамандығының арнайы пәндер оқытушысы кездесуге келді. Іс шара барысында олар IT саласында медицина секілді мыңдаған мамандық бар. Медицина адамды емдесе, IT технологиялар арқылы адамға көмектесуді мақсат етеді. Технологиялар адам өмірін жақсарту үшін және ісін жеңілдету үшін енгізіледі. Олардың тілін табатын адамдар IT саласында жұмыс істей алады. Бізде IT өте күрделі сала деген түсінік бар. Осы саладағы небір мамандықтарға қарасақ көптеген дағдыға ие адамдарды көреміз.Қазіргі таңда әлем сандық ақпараттар ағымымен болашаққа ілгері жылжып келеді, яғни, IT саласының маманынсыз болашағымызды елестету мүмкін емес. Болжамдарға сүйенсек, 2030 жылға таман бірнеше жаңа мамандықтар қалыптасады әрі барлығы технологиямен тығыз байланыста болады. Бүгінде ақпараттық технологияның қарыштап дамуына байланысты цифрлық сауаттылық заман талабына айналып отыр. Әлемді жайлаған пандемиядан кейін оның маңызы одан сайын арта түсті. Себебі барлық қызмет түрі онлайнға көшті. Өз кезегінде бұл адамдардың цифрлық тұрғыдан сауатты болуын талап етіп отыр. Ендеше IT мамандығы болшақта сұранысқа ие мамандықтарға айналады. Сонымен қатар білім алушылар бірнеше сұрақтар қойып, сұрақтарына жауап алып жатты.