08
январь
2024
«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Калмаханова Маржан Сеитовна «Ғылыми жобаны жазу және рәсімдеу талаптары» тақырыбында онлайн зумм платформасында кездесу ұйымдастырылды.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 8 қаңтар күні ДҒІЖО Адильбекова Айнур Серікқызы және кәсіби бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., 9-10 сынып білім алушыларымен, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Калмаханова Маржан Сеитовна «Ғылыми жобаны жазу және рәсімдеу талаптары» тақырыбында онлайн зумм платформасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Маржан Сеитовна ғылыми жобаның жазылу жолдарын жұмысты неден бастау керек? деген сұрақтан бастады
- Тақырып
- Зерттеу жұмысын құру
- Жобаның құрылымы
- Ғылыми жетекшінің міндеттері
- Зерттеу жұмысын жүргізу
- Ғылыми жобаны рәсімдеу
- Аннотацияның жазылуы
- Жетекшінің пікірі маңызды екенін айтып өтті. Білім алушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, Маржан Сеитовна сұрақтарына нақты жауап берді.