«Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы магистр Баданова Роза Рыскелдиевна, «Болашағы зор мамандықтар» тақырыбында онлайн зумм платформасында кездесу ұйымдастырылды.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 9 қаңтар күні ДБІЖО Қасымова Н.Қ., кәсіби бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., 11 «А», «Б» сынып білім алушыларымен, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы магистр Баданова Роза Рыскелдиевна, «Болашағы зор мамандықтар» тақырыбында онлайн зумм платформасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Роза Рыскелдивна өз сөзінде мамандық – өмірдегі жауапкершілікті талап ететің шешім, жаңа өмірге алғашқы қадам. Таңдау жасағанда жауапкершілікпен қарай отыра, жүрек қалауымен болашағы жарқын мамандықты таңдаған дұрыс деп ойлаймын.Таңдаған мамандығын сүйіспеншілікпен, құштарлықпен атқарса,адам шынайы еңбектеніп, ісі берекелі болып,пайдасы мол болады. Яғни, қазір жас талапкерлердің мамандық таңдағанда тек өздерінің болашақтарына әсер беріп қана қоймай, еліміздің болашағына орасан ықпал тиеді біздің университетке химия биология- 68 баллмен, химия физика – 50 балл грант болатынын айтты. Медицина саласын таңдап түсе алмай қалған жағдайда фармацевтика мамандығы түсуге болатынын айтып өтті. «Химия және химияны технология» мамандығын оқып бітірсе Тараз қаласындағы казфосфат заводқа жұмысқа бірден қамтамасыз ететіндерін айтты. ТарГу университетін таңдап оқуға түскен әр бір түлекке қол ұшын беруге дайынбыз, оқу бітіргенше қолдау көрсетіндерін айтып өтті.