«Әр саладағы мамандықтар: пошташы» тақырыбында рөлдік ойын
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында білім алушыларды жастайынан мамандыққа баулу, мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 24 қараша күні кәсіптік бағдар беруші педагогтың жоспарына сәйкес «Әр саладағы мамандықтар: пошташы» тақырыбында рөлдік ойын ұйымдастырылып өткізілді. Іс шараға 3 «А» сынып жетекшісі С.Сарсенова, ДТІЖО Айтбаева А.К., кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., қатысты. Білім алушылар «Пошташы» мамандығы жасанды интеллект арқылы бейнеролик көрсетіліп,сұрақтарға жауап берді. «Пошташы мамандығы» рөлдік ойын көрсетті. Нурлан Айару – оператор, Дарханқызы Дария – оператор, Серік Нұрасыл – хаттасушы болып рөлдік ойындарда ойнады. «Білім пошташы» арқылы кері байланыс берілді.



