«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Кім тапқыр?» атты зияткерлік ойын туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Кім тапқыр?» атты зияткерлік ойын туралы хабарлама
Өткізілген күні: 25 .11.2021 ж.
Өткізілген орны: Акт залы
Қатысқандар: 3 – 4 сыныптары
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл - ой өрісін жан - жақты дамыту, логикалық ойлауын, шапшаңдыққа дағдыларын жетілдіру. Топпен бірлесіп ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, шығармашылық ізденістерге баулу.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылардың білімге, оқуға құлшынысын арттыру, жылдам ойлауға, шапшаңдыққа үйрету, бәсекеге қабілеттіктерін арттыру мақсатында «Кім тапқыр?» зияткерлік ойыны 3 – 4 сыныптар арасында болып өтті. Жалпы топтық ойын 5 кезеңнен тұрды: «Кім жылдам?», «4 сурет бір сөз», «Кім білгір?» блиц – турнир, «Ребустар әлемінде». Әрбір кезеңде барлық топтар, яғни 4 «А» сыныбының «Болашақ», 4 «Б» сыныбының тобы «Бәйтерек», 3 «А» сыныбының «Зерек» тобы, 3 «Б» сыныбының «Қыран» топтары барлық кезеңдерде белсенділік танытып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, ойынның қызықты өтуіне атсалысты. Жеңімпаздарды және әр топтың үздік ойыншыларын әділқазылар алқасы марапаттады. Іс – шараны қорытындылай келе 1 орын «Болашақ тобы» 30 ұпаймен жеңіске жетті. 2 орынды бірдей 19 ұпайдан иеленген «Зерек» тобы мен «Бәйтерек тобы өзара бөлісті». Ал 3 орынды «Қыран» тобы иеленді. «Үздік зияткер», «Зерек бала», «Білімді», «Дарынды» ойыншы номинациялары бойынша үздік ойыншылар марапатталды.
Суретте іс – шарадан көрініс: