Чарльз Диккенстің 210 жылдығына орай білім алушылар ұсынған буктрейлер туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің
«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
Чарльз Диккенстің 210 жылдығына орай білім алушылар ұсынған буктрейлер туралы хабарлама
Өткізілген күні: 25.02.2022 ж.
Өткізілген орны: кітапхана
Қатысқандар: 8 сыныптар
Мақсаты: Ч.Диккенс туралы ақпарат беру, жазушының шығармаларын насихаттау, білім алушыларды кітап оқуға тарту.
Буктрейлер - кез келген еркін немесе көркем формадағы кітап туралы баяндайтын қысқа бейне. Бұл бейнематериалдардың мақсаты - жаңа жарық көрген кітаптарды жарнамалау және кинотрейлерлерге тән көрнекі құралдарды пайдаланып, кітаптарға назар аудара отырып, оқуды насихаттау. Әдетте буктрейлерінің ұзақтығы 3 минуттан аспайды.
Мұндай бейнелер заманауи кітаптарға да, әдеби классикаға айналған кітаптарға да түсіріледі.
Буктрейлерінің басты міндеті - болашақ оқырманды қызықтыру және таң қалдыру, оқиға желісіне және көркем шығарманың кейіпкерлеріне назар аудару. Буктрейлерін жасау кезінде бейнелерді, иллюстрацияларды, фотосуреттерді, кітап мұқабаларын пайдалануға болады.
Мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Таштемировамен бірлесе отырып ағылшын жазушысы Чарльз Диккенстің 210 жылдығына орай жазушының шығармаларын өздері жасаған буктрейлерлер арқылы оқырмандарға насихаттауға мұмкіндік берілді. 8 «В» сынып оқушысы Гаджиева Сумера Ч.Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері» (1837-1839) жылдары жарық көрген романы туралы буктрейлер ұсынды.
Суретте іс-шарадан көрініс: