«Кітап әлемінде» атты «Әдеби джем» зияткерлік ойыны
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ
«Кітап әлемінде» атты «Әдеби джем» зияткерлік ойыны
Мерзімі: 21 .04.2026 жыл
Қатысқандар: 10 «А» сыныбы
Өткізілген орны: кітапхана
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың әдеби шығармалар мен авторлар туралы білімдерін тереңдету, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту және кітапханада еркін бағдар таба білуге үйрету мақсатында «Кітап әлемінде» атты оқушыларға танымдық әрі қызықты «Әдеби джем» ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл ойын оқушылардың ойлау, есте сақтау және командамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Оқушылар өз білімдері мен кітапқа деген қызығушылықтарын көрсете білді.





