Ақпарат №3
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу комиссиясының (бракеражды комиссиясы) тексеру жүргізу туралы
ақпарат
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуы, мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану , олардың сақталу мерзімі, балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуын бақылау , мектеп асханасының санитарлық жағдайы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар, жеміс-көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, пісіру цехтары, бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы, тәуліктік сынама алу мен сақталуы, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі , келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау мақсатында 2022 жылдың 15 қараша күні кезекті тексеру жүргізді. Тексеру нəтижесі бойынша ас блогында көкөніс турауға арналған тақтайша маркерленбегендігі, ас блогында жуу мүкаммаларын жаңалауды қажет ететіндігі, көкөніс сақтайтын қоймада термометр болмағандығы анықталды және жауапты мамандарға ұсыныстар берілді.