Ақпарат №4
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) туралы
ақпарат №4
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуы, мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, перстпективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексеру, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі, келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау мақсатында 2022 жылдың 13 желтоқсан күні кезекті тексеру жүргізді. Тексеру нəтижесі бойынша анықталған кемшіліктер бойынша берілетін тағамдар өз мөлшерінде таратылуы күнделікті медициналық қызметкер Ж.Атикова қадағалауда, қоймадағы жәшіктер және жазулары жаңаланды, ұн- таңбаланған ыдысқа салынды, шеті сынған ыдыстар жаңаланды.