«Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі»
№1 жалпы білім беретін мектебі
Мектебімізде 27 қаңтар-27 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық алдын алу іс-шарасы аясында, тиімді тамақтануды насихаттау балалардың денсаулығын сақтау, оқушылардың, жасөспірімдердің тамақтануының ғаламдық мәселелеріне назар аудару, балалардың ауруға шалдығуының факторы ретінде үйлесімді тамақтану мәселелері жөнінде медицина қызметкерлерінен ақпарат алу мақсатында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында "Жастар" денсаулықты сақтау орталығының басшысы Х.Адешова мен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуге келген СӨС маманы дұрыс тамақтану қағидаттарын түсіндіріп өтті. Оқушылар әр дәруменнің қанда тағамда болатыны туралы таныстырып шығып, "Цитрус, "Жемістер", "Көкөністер" топтарына бөлінді. «18 зиянды тағамдар» атты бейнероликті көрген соң топтар кластер құрастырып, қорғады. Әр топ «Сиқырлы қоспалар» атты зерттеу жұмысымен дəрумендер жəне азық-түліктердің сапасына талдау жасады. Балалар іс-шара нəтижесінде қоршаған ортаны таза ұстау, белсенді қозғалыста болу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болуды үйренді. Ата-аналар да қатысып, "Дұрыс тамақтану- денсаулықты сақтау "кері байланысын жүргізілді.