Бракераждық комиссия №1 отырысы » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2021

Бракераждық комиссия №1 отырысы

№1 жалпы орта білім беретін мектебінің  бракераждық комиссия отырысының
 №1 ХАТТАМАСЫ



30.03.2021ж.                                                               Сарымолдаев ауылы
 Қатысқаны – 7 адам
 

 Күн тәртібінде:
 
 1.Бракераж комиссиясының құрамы, жұмыс жоспары (Мектеп-гимназиясының директоры М.Бексултанова)

2. IV тоқсанда ас блогы  мен тамақтану залының санитарлық-гигиеналық  нормаға сай дайындығы (ДТІЖО  А.Айтбаева)


 Тыңдалды:
 

 1-ші мәселе бойынша мектеп  директоры М.Бексултанова сөз алды:
 IV тоқсанда «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 46 қосымшасына сәйкес, №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия   асхана  жұмысының және оқушылардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуын, асхана жұмысын бақылау мақсатында бракераждық комиссиясы  құрылу  және құрамында мектеп басшысы, әкімшілік, медицина қызмектері, кәсіподақ төрайымы, ата-аналар, және жауапты маман құрылуы тиіс. Осы комиссия мүшелері асханаға келген тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақталу мерзімдері мен жағдайларын, дайындау технологиясына, ас блогының санитариялық жағдайына бақылау жүргізетіндігін,
бракераждық  комиссиясы өз қызметінде СанПин талаптарын, рецепт жинақтарын, технологиялық картаны, берілген ережелер бойынша басшылыққа алады. Тамақтан уланудың алдын алу, асқазан-ішек ауруларын болдырмау, тамақтың дайындалу техникасын қадағалау, тамақтандырудың толыққанды ұйымдастырылуы, түрінің, тізімінің көбейтілуін. тамақтың дәмін татып, оның бағасын беріп, нәтижесі журналға жазылып, таратуға рұқсат берген жағдайда ғана, тамақ таратылады. Сонымен қатар журналға дайын тағамның дәмі, сыртқы түрі, түсі, иісі, құрамы, қаттылығы, шырындылығы міндетті түрде жазылуы тиіс екенін және айына 1 рет бақылау жүргізілетінін айтты.
 2-ші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева    IV тоқсанда ас блогы  мен тамақтану залының санитарлық-гигиеналық  нормаға сай дайындығы   туралы сөз алды:
 №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп асханасының  ас блогының   мен тамақтану залының  дайындығы тексерілді.
Асхана объектісінде қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар, қағаз сүлгі, электр   сүлгілер,  қоқыс контейнерлері орнатылып, келушілердің қозғалысын   бағыттау үшін кіретін және шығатын адамдардың қозғалыс ағынын  бөлетін еденге тиісті белгілер қойылып,  асханадағы үстелдер, орындықтар  арасы   2 метр қашықтықта  орналастырылды. Асханаға кіру тек оқушылар, оқытушылар және білім беру объектісінің персоналы бөлек уақытта кіру кестесі жасалынған. Қазақстан Республикасында ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен рұқсат етілген материалдардан жасалынған технологиялық жабдықтар, құрал-саймандар, ыдыстар, еттерді, балықтарды, көкөністерді бөлшектейтін арнаулы пышақтер мен ағаштардың қатты түрлерінен жасалынған (қайыңнан,еменнен жəне т.б.) жарықшақ сызаттары жоқ, беті тегіс сүрілген бөлшектегіш тақтайлар бар, тағамдарды дайындауға жəне дайын тағамдарды сақтауға таттанбайтын болаттан жасалынған ыдыстар бар, ыдыстарды қолмен жуатын жағдайдағы екі секциялық ванналар қойылғандығы, таза асханалық құралдарды сақтайтын   жәшік-кассеталар, 2 тоңазытқыш жұмыс   істеп тұр, тамақтану залында   арнайы мазмұнды стендттер жаңаланып, ілінген, қол жуатын 4 раковина орналастырылған, қол кептіретін арнайы құрылғы істеп тұрғандығы,  газ плиталарының жай-күйі тексеруден өткізілген,  сызаттары бар, деформацияланған, эмалі кеткен, жан-жағы қисайып майысқан ыдыстар анықталмағандығы, аспазшы Еркінай Авезжанованың  өзімен бірге барлық медициналық тексерулер мен зерттеулердің нəтижелері көрсетілген жəне гигиеналық оқытулардан өткендігі туралы  айтып өтті. Мектеп асханасында ас блогының  мен тамақтану залы тамақтану ұсынуға  дайын, қанағаттанарлық, дегенмен,  кемшіліктер бар екендігіне тоқталды: газ плитасының  қуаттығы аз, ыдыстар жетпейді, целофан жапқыштар  жаңалануды қажет етеді  және    үстелдер, орындықтар жетпейді.


Шешімі:
 
1. Бракераждық  комиссия мүшелері төмендегі құрамда бекітілсін


Мектеп-гимназиясының директоры                                 М.Бексултанова

Директордың  тәрбие ісі                                                                                                                            жөніндегі орынбасары                                                          А.Айтбаева

Әлеуметтік педагог                                                                А.Ойшиева

Кәсіподақ төрайымы                                                             Ж. Усербаева

Медбике:                                                                                 Ж.Атикова

 Ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі                          А.Мырзаханова 

Ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі                           Г.Аскарова

2.Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігі, дайын тағамның калориясы күнделікті қадағаланып, бракеражды журналына тіркелсін
 3. Тамақтану залында үстелдердің целофан жапқыштары жаңалансын.

5.Тамақтану залында жетпейтін ыдыстар, үстелдер  мен   орындықтарға аудандық білім бөліміне сұраныс жіберілсін.


Жиналыс төрайымы               М.Бексултанова

Хатшы                                       А.Мырзаханова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив