Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау
Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау туралы анықтама
2021 жылдың 13-14 сәуір күндері №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектепте оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақты қамтамасыз етуін, асхананың санитарлық –гигиеналық жағдайын тексеріп, ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2017ж. 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 119 тармағы негізінде тамақтан уланудың алдын алу мақсатында балалар тағамына қолдануға тыйым салынатын: пастерленген сүт, қаймақ, саңырауқұлақтар, майға қуырылған бәліш, тоқаштар, майонез қосылған салаттар, газды сусындар, чипсы, кептірілген нан т.б. «фаст-фуд» өнімдерін мектеп асханасына мүлде қолданылмайды, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мамандарының нұсқаулығы бойынша кейбір сапасы төмен, ақауы бар азықтарды алмастырып, тауарды өндірушіге немесе азық-түлікті жеткізушіге кері қайтару қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ қант, тұз т.б. азық –түліктер пластмасса ыдыста тұруға болмайтыны ескертілді. Санитарлық қағидаларының 123 тармағы негізінде бір күндік тамақ сынамасы шыны ыдысқа (гарнирды бөлек ыдысқа тоңазытқышта +2С-тан +6С-қа дейн тәулік бойы сақталатыны (кемінде 24 сағат), ас мәзірінде тамақтың әр түрлі болуы мен дайындалу технологиясын қатаң қадағаланатыны жайлы айтылды.
Бракераждық комиссия мүшелері:
Мектеп-гимназия директоры М.Бексултанова
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева
Әлеуметтік педагог А.Ойшиева
Кәсіподақ төрайымы Ж. Усербаева
Медбике: Ж.Атикова
Ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі А.Мырзаханова
Ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшесі Г.Аскарова