Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау
2021 жылдың 5-7 сәуір күндері бракераждық комиссия мүшелері ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді. Мектеп медбикесінің Ж.Атикова жүргізетін журналдары, асхана қызметкерлерін қадағалау журналы уақытылы толтырған. Тексеру барысында асхана іші жарық, санитарлық жағдайы ұйымдастырылған және тазалық сақталған. Мектеп асханасына қазіргі заманғы дизайнмен көркемделген «Дұрыс тамақтану» бұрышы жасақталған.Тексеру барысында қол жуғыш құралдарында сабын, гигиеналық заттар түгел болып шықты. Қойма бөлмесінде көкөністер: картоп, сәбіз, пияз - орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылып, арнайы жәшіктерге орналастырылған, бөгде заттар анықталмады. Ұн, жарма өнімдері арнайы эмальді ыдыстарға салынып, қақпағы жабылған. Технологиялық құралдары түгел: электроқуатты пеш, жұмыс үстелі жеткілікті. Асханада пышақтар, тақтайшалар толық таңбаланылған; шикі және даяр азық-түліктерге, нан өнімдері мен көкөністерге арналған орындар 1 пайыз уксус ерітіндісімен өңделеді. Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар қолданып жүрген жоқ. Бірақ кейбір ыдыстарға арнайы таңба қойылмаған. Ыдыс жуу тәртібі орындалып, ережесі сақталады. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық.