Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау
2021 жылдың 8-9 сәуір күндері бракераждық комиссия мүшелері ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді. Мектеп медбикесінің Ж.Атикова жүргізетін журналдары уақытында толтырған. Тексеру барысында асхана іші жарық, еден, терезе алды, үстел үсті сүртілген, терезе ашылып, желдетіліп, тазалық сақталған. Таза асханалық ыдыстарды шкафтарде немесе торларларда сақтайды. Таза асханалық құралдарды залдағы жəшік-кассеталарда саптарын жоғары қаратып қойылған. Подностар əрбір қолданылғанынан кейін сүртіліп құрғатылды. Ұн, жарма өнімдері арнайы эмальді ыдыстарға салынып, қақпағы жабылған. Технологиялық құралдары түгел: электроқуатты пеш, жұмыс үстелі жеткілікті. Қойма бөлмесінде көкөністер: картоп, сәбіз, пияз - орналасу тәртібі дұрыс жолға қойылып, арнайы жәшіктерге орналастырылған, бөгде заттар анықталмады. Ыдыс жуу тәртібі орындалып, ережесі сақталған. Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар қолданып жүрген жоқ.Тексеру барысында қол жуғыш құралдарында бір реттік қағаз сүлгі болмай шықты. Бұл туралы ескертілді. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық.