Қыздармен жұмыс барысы
Жиналысқа 8-11 сынып қыз балалары қатысты.Қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың гигиеналық тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салдық. Мектеп педагог- психологы Олжабай Елнура Болатқызы мектеп жасындағы қыз балалардың бір-біріне деген мейірімділіктері жайында тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты.Қыздармен «Көңіл күйлер гүлдері»атты тренинг өткізілді,тренинг мақсаты қыздардың бір-біріне деген жылы лебіздерін жеткізу.Сонымен қатар қыздарымыздың пікірлерін білу мақсатта сұрақтар қойылып,жауаптар алынды.Мектебіміздің медбикесі Г.Отарбаева қыздарды тазалыққа шақырып,жеке гигиеналық ережелерді ұстануларын,етеккір кезіндегі болатын ағзадағы физиологиялық өзгерістер туралы айтты.Сонымен қатар қыздарымыздың пікірлерін білу мақсатта сұрақтар қойылып,жауаптар алынды.