13
октябрь
2025
«Ішкі тыныштық – шынайы бақыт"
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында(ресурстық орталық) 2025 жылдың 13 қазан күні білім алушылардың ішкі жан дүниесіне үңілу арқылы эмоционалды тұрақтылықты нығайту, ішкі тыныштық пен шынайы бақытты сезіне білуге үйрету, ішкі тыныштықты сезінуге мүмкіндік жасау; эмоцияны тану және басқару дағдысын дамыту; өзін-өзі тыңдауын, қабылдауын және тыныштықта болу тәжірибесін қалыптастыру мақсатында 6-8 сынып білім алушыларымен «Ішкі тыныштық – шынайы бақыт" тақырыбында тренинг жүргізілді. Білім алушылар тренингке белсене қатысып, көңіл-күйлерінің көтерілгендігі туралы ойларымен бөлісті.