25
декабрь
2021
"Желтоқсан ызғары" кездесу
Биылғы жыл – еліміз үшін ерекше жыл. Қас-қағым уақыт тәрізді, тәу еткен Тәуелсіздігімізге – 30 жыл, «Желтоқсан» көтерілісіне – 35 жыл. Қазаққа Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Біз оған ызғарлы Жел¬тоқсанда империя бодандығына қарсы бұлқынған намысшыл жастардың арқасында қол жеткіздік десек те болады. Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен қанды желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғыратын болады. Олардың сол қаһарлы күндердегі қайсар ерліктері бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге! №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының білім алушылары 1986 жылы атойлап алаңға шыққан Желтоқсан қаһарман¬дары: Джуанышева Эльмира Қуанышбайқызы, Касымова Нурзада Қойшығұлқызы, Бекжанова Манат Шекербекқызымен кездесті. Тарихи-танымдық шараның негізгі мақсаты - желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын білім алушыларды таныстыру, көңіліне ұялату, патриоттық тәрбие беру, Тәуелсіздікті құрмет тұту болып табылады. Тағылымы мол шарада қонақтар, «Желтоқсан» көтерілісі кезінде студенттік шақта қатысқан, куә болған жайттарды, көтеріліс туралы әңгімелеп берді. Естеліктер айтты, білім алушылар қойған сұрақтарына жауап берді. «Желтоқсан» көтерілісі құрбандарын еске алып, тағзым етті. Сол бір зұлмат кезден көрініс көрсетіп, мұндай оқиғаның болмауын тілеп, 8 "В" сынып білім алушылары "Мереке " әнін орындап, барлық қатысушылар қосылып "Көк тудың желбірегені..." әнімен іс-шараны аяқтады. Әрине, етігімен су кешкен сол бір ауыр күндерді еске алу оңай болған жоқ. Дегенмен, қонақтардың Тәуелсіздік, Желтоқсан, ел, жер, ұлт туралы толғана айтқан ой-көзқарастары, тәрбиелік мәні зор әңгімелері жас буынға ерекше әсер қалдырғаны сөзсіз.
Теги:
123