10
март
2019
«Тағдыр тәлкегі»
Жамбыл облыстық дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Тағдыр тәлкегі» тақырыбында мектебімізде 2019 жылдың 8 ақпан күні облыстық драмтеатр әртістері спектакль қойды. Спектакльдің негізгі мазмұны – оқушылар және олардың ата-аналары әлемде болып жатқан саяси жағдай, онда экстремистік топтардың жасап жатқан іс-әрекеттерін айыптап, талқылап, сол топтарда жастардың, оның ішінде кәмелет жасына толмаған балалардың ол топтарға көптеп тартылу себебін анықтау, жалпы қазіргі жағдайда жастардың діни сауаттылығын ашу, олардың жалған діни секталардың арбауы мен шырмауына түсіп қалмаудың алдын алу амалдарын жасау керектігін түсіндіру. Оқушылар кейіпкерлермен бірге мұңайып, бірге тебіреніп, соңында тура жолға түскенде бірге қуана білді.