10
май
2019
«Бірлігіміз жарасқан!»
Өскелең ұрпақты патриотизм рухында, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге және қоғамда бірлік пен келісімді сақтауға тәрбиелеуге, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатында 5-10 сынып оқушылары арасында «Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі болып өтті.
Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Осыған орай мектебімізде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс – шараның жоспары құрылып, бекітілді. Фестивальға 5 – 10 сынып оқушылары белсене қатысты. Әр сынып өзге ұлт өкілдерінің ұлттық өнері мен ұлттық тағамдарын таныстырып, сол ұлттың ұлттық биін билеп, көрініс көрсетті.