06
февраль
2023
✔️✔️"Дауылда туған дарын"


📚ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының тағдыры ауыр болды. Солай екенін тарих растайды. Тарих жазыла береді. Жазылып та жатыр. Олардың ішінде есімі мен атқарған қызметі ерекше тұлғалар аз болған жоқ. Солардың бірі - Қабылбек Сарымолдаев. Мемлекет қайраткері, реформатор, саяси қуғын-сүргін құрбаны - Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдығына орай, "Дауылда туған дарын" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге №20 Т.Рысқұлов атындағы ЖОББМГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Джуанышева, Меркі "Жастар" ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі инспекторы - Ә.Асланбек, №12 Қ.Сарымолдаев мектебінің түлегі -Б.Дүйсебай қатысты. Гүлмира Қуанышбайқызы Қ.Сарымолдаевтың өмірбаяны, еңбек жолымен таныстырып, фотоестеліктерін көрсетіп әңгімелесе, Біржан Ғалымжанұлы сол кездегі солақай саясаттың құрбаны болған, 1938 жылы «халық жауы», «жапон империалистерінің тыңшысы» деген айыппен ату жазасына кесілгендігі туралы айтты. Білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. "Асанбайтану" клубының мұғалімі Гүлфария Аманқызы, билік тізгінін ерте ұстаған талантты басшы, іскер ұйымдастырушы, халқына қалтқысыз қызмет еткен Қабылбек Сарымолдаевтың өмірі туралы архив деректері негізінде көркем тілмен жазылған «Дауылда туған дарын» атты кітаптың авторы қаламгер Мұхтар Қазыбектен оқып жатқанын тілге тиек етті. Клуб қатысушысы Аманжол Абылайдың "Семсер болсам" өлеңі оқылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбекқызы келген қонақтарға, өз пікірлерімен бөліскен білім алушыларға, Меркі "Жастар" ресурстық орталығына алғыс айтты.