12
сентябрь
2019
«Отбасы –бақыт мекені» спорттық ойын
№1 жалпы білім беретін мектепте отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2019 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» («Семья - основа духовного возроджения») республикалық апталық аясында қазақтың әдет-ғұрыптарын және ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында 2019 жылдың 12 қыркүйегінде «Әкем, шешем және мен»спорттық эстафетаөткізілді. Сайысқа үш топ қатысты. Спорттық шара алты кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңге әділ бағасын беріп отыруға мектеп директоры Алтынбаева Айгерім Аханқызы, дене шынықтыру пәні мұғалімі Рахметов Жайлау Диханұлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Айтбаева Айнур Кумисбековна әділқазылар алқасы болып сайланды. Алғашқы кезеңде командалар өздерінің эмблемасымен және ұранымен таныстырып өтті.Сонымен қатар “Ойыншық тасу”, “Кедергілерден өту”, “Кім жылдам?”, “Секіргішпен секіру”, “Арқан тарту”, “Мықты әке” турлары тартымды да қызықты өтті. Спорт жанкүйерлері де әрбір тур бойынша қошеметтерін аямай қол соғып, демеу болып отырды.Нәтижесінде Жолдыбаевтар 1 орын, Агаевтар 2 орын. Махмудовтар 3 орынға ие болды.