13
сентябрь
2019
«Отбасы — бақыт мекені» атты отбасы онкүндігі
«Отбасы — бақыт мекені» атты отбасы онкүндігі шеңберінде әр сыныпта оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған әртүрлі іс-шаралар өтті, олардың мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру, ата-аналар мен балалардың бірлескен шығармашылық жұмыстары үшін жағдай жасау. Екінші сынып оқушылары ата-аналарымен бірге «Ғажайыптар алаңы»отбасылық ойынына қатысты. Үшінші сынып оқушылары «Менің отбасым — менің байлығым»зияткерлік ойынына қатысты. 4 сынып оқушылары ата-аналарымен бірге «Бақытты отбасы»отбасылық мерекесіне қатысты. 5-11 сыныптарда тәрбие, өнеге сағаттары өткізілді. Осы онкүндік шеңберіндегі барлық іс-шаралар балалар мен олардың ата-аналары тарапынан қызығушылық пен белсенділік тудырды, отбасы мен отбасылық құндылықтардың адам өміріндегі маңыздылығын көрсетті, отбасына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиеледі.