14
май
2024
"Этика және біз"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында ар-ұят құндылығы, оқушылардың этикалық құндылықтарын анықтау және түсінік беру, құндылықтардың оның өміріне және жалпы қоғамға қалай әсер ететінін анықтау, балалардың өзін-өзі тануға, адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу мақсатында «Этика және біз» тақырыбында этикалық құндылықтарды дамыту сағаты өткізілді. Іс-шарада оқушылар "этикет" сөзіне анықтама беріп, оның моральдық категория, адамдар қарым-қатынасында ізгілік нормаларын мүлтіксіз орындауды білдіретін ұғым, белгілі бір халықтың әдет-ғұрпында тұрақтанып қалыптасқан этикалық тәртіп, тәрбие, ізеттілік, сыпайылық, ибалылық, қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіретіні туралы айтылды. Сәлемдесуден бастап әдептіліктің қаншалықты қажет екендігін, қол ұшымызды беру, көмектесу, кішілерге ізет көрсету, достарымен қалай қарым - қатынас жасау керектігі жөнінде танысып, әдептілік, адамгершілік қағидалары туралы оқушылар өздеріне көптеген мәлімет алды
#біртұтас_тәрбие