14
июнь
2021
«Тәуелсіздік ұландары» аттестатты салтанатты тапсыру жиыны
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты аттестатты салтанатты тапсыру жиыны өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры Бексултанова Мадина Болатқызы 11 сынып түлектерінің алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, аттестаттарын табыстап, құттықтады. Биылғы оқу жылында 38 бітіруші мектепті аяқтады.Олардың алтауы «Алтын белгі» иегері атанды. Сынып жетекшілері, ардагер ұстаздар, ата-аналар сөз сөйлеп, балаларының қадамдарына ақ жол тіледі. Барлық қатысушы түлектерге аттестат тапсырылып, жиын соңында түлектер ата-аналары мен ұстаздарына арнап, шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Құрметті мектеп бітіруші түлектері! Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!