28
июнь
2022
«Түлек 2022жыл – Жаңа Қазақстан ертеңі» аттестат салтанатты тапсыру жиыны
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Түлек 2022жыл – Жаңа Қазақстан ертеңі» атты аттестатты салтанатты тапсыру жиыны өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры Бексултанова Мадина Болатқызы және Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері - Байтулекова Жанара Болатовна 11 сынып түлектерінің алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, аттестаттарын табыстап, құттықтады. Сынып жетекшілері, ата-аналар сөз сөйлеп, балаларының қадамдарына ақ жол тіледі. Барлық қатысушы түлектерге аттестат тапсырылып, жиын соңында түлектер ата-аналары мен ұстаздарына арнап, шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Құрметті мектеп бітіруші түлектері! Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!