"Кітап, əлде ғаламтор?"
"Бір ел -бір кітап" республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына және ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұлттық әдебиеттің туындысын оқуға шақыру, кітап оқуды насихаттау, рухани мұраны сақтау, сондай-ақ жастарды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу, өнегелі дәстүрді жалғастыру, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 10 «А» сынып оқушылары арасында "Кітап, əлде ғаламтор?" тақырыбында пікірталас болып өтті. І топ бірінші сөз алып, ғаламтор жастар жəне үлкендер арасында үлкен сұранысқа ие болып жүргені, онсыз өмір қызықсыз екені, барлық сұрақтарға жауаптарды ғаламтордың көмегімен табуға болатынын айтса, ІІ топ мүшелері ғаламтордың адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретінін, кітап оқи отырып , рухани бай болатынын, сауатты болуға, кіиап- өмірлік тəжірибелермен бөлісетіндігін, құлазығанда жаныңды жадыратар, кітап арқылы өткен тарихымызды білетінімізге тоқталды.Ата-аналардан құралған топ әділ - қазылар құрамында болып, төрелік етті.Нәтижесінде: 5:4 ұпаймен ІІ топ жеңіске жетті. Сынып жетекші:Бекжанова Манат Шекербекқызы