«Ақпан айы – кеңес беру» атты айлық барысында 2021 жылдың ақпан айының 8 күні 11 «а, б» сынып оқушыларына жүргізілген «Сенімділік күш береді» семинар-тренингі
«Сенімділік» жаттығуы. Мақсаты: оқушыларды стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету. Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылды. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылды. Ол бөліктерді 1, 2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымды қасиеттерін жазады. Өздеріне жағымды қасиеттерін қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.
2. «Шынымды айтсам». Мақсаты:оқушылардың топтық сенімін бекіту,ішкі қысымнан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.
Нұсқау: Алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр.Қазір әрқайысысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыздар.Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет.Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар.Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.