мұғалім шығармашылығы
№1 жалпы білім беретін мектебіндегі
математика, информатика, физика пәндерінің онкүндігі туралы
АНЫҚТАМА
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу-сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік онкүндігі болып саналады. Қазан айының 9-19 күндер аралығында мектепте математика, информатика және физика пәндерінің «Математика-кең өрісті ғылым» атты онкүндігі өткізілді. Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Бірлестіктің атқарылатын іс-шараларының жоспары жасалып, мектеп директоры А.А.Алтынбаевамен бекітілді. Апталық жоспары фоэде ілініп, басқа да пән мұғалімдерінің жоспарға сәйкес бірлестік мұғамлімдерінің іс–тәжірибелерімен танысуына мүмкіндік жасалды. Қызығушылығы болған мұғалімдер жоспарға сәйкес сабақтарға қатысып, өз бағаларын беріп жатты.
Апталыққа әр пән бойынша қабырға газеттері шығарылып, фоэге ілінді. Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс - шараларды тиісті дәрежесінде, заман талабына сай АКТ мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып өткізді. Сабақтарға мектеп директоры А.А.Алтынбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Айбекова, директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орын басары А.Адильбекова, әдістемелік жұмыс меңгерушісі Г. Кельгенбаева және пән мұғалімдері қатысып талдау жасап, ұсыныстарын айтып, бағалады.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-
шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды ойындар, кештер, қабырға газеті сайысы, сыныптан тыс іс- шаралар.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.
К. Кошкінбаева– информатика пәнінен «Компьютердің құрылғылары» 5 «Б» сыныбында
А.Кемелова- информатикадан «Компьютерлік желілерді топтастыру» 7 «А» сыныбында
М.Бекжанова – алгебра пәнінен «Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» 8 «А»
Г.Кельгенбаева алгебра пәнінен «Первообразная и интеграл» 11 «Б» сыныбында
жас маман З.Акинжанова алгебра пәнінен «Сложение и вычитание многочленов» 7 «В» сыныбында
физикадан Э.Джуанышева «Қозғалыс графиктері» 7 «Б» сыныбында
Ш.Бердибаева «Механическое движение» 7 «В» сыныбында.
Сонымен қатар сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді: М. Бекжанова және Г.Кельгенбаева 11 «А», 11 «Б» сыныптар арасында «Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалдық ойыны.
З.Акинжанова – 7»В», 7 «Б» сыныптар арасында КВМ» интеллектуалдық ойын, К.Кошкинбаева, А.Кемелова «Атажұрт»
А.Адильбекова «Математика-кең өрісті ғылым» атты қызықты кешін өткізді
5-11 сыныптар арсында апта бойы «Мақал- мәтел – сандар әлемінде» атты қабырға газеті сайысы өтті. Бұл сайыста I орын -6 «А» сынып оқушысы Райыжан Нұрай, II орын -8 «А» сынып, III орынға- 10 «Б» сынып ие болды.
Пәндер бойынша 5-11 сыныптарда жұмыс және бақылау дәптерлері тексеріліп, анықтамалар берілді.
Соңғы күні онкүндіктің қорытындысы өткізілді. Белсенді оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.