"Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін, функционалдық сауаттылығын арттыру - заман талабы" семинар
29.11.2021күні математика, информатика және физика пәндер бірлестігі «Оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін, функционалдық сауаттылығын дамыту – заман талабы» тақырыбында семнар өтті.
Семинардың мақсаты: Жаратылыстану бағытындағы пәндерінде инновациялық әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Семинар бағдарламасы
№ | Тақырыбы | Мұғалім |
1 | «Математикалық сауаттылық – PIZA тапсырмаларын шешу жолдары» | Бекжанова М. Ш. |
2 | «Оқушылардың ақпараттық, функционалдық сауаттылығын дамыту» баяндама | Амантаева А.Н. |
3 | «Жаңа педагогикалық ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігі» тәжірибе алмасу | Альменова Р.С. |
4 | «Функционалдық сауаттылықты қалай арттырамыз?» коучинг | Кошкимбаева К.А. және Джуанышова Э.Қ |
Семинарға мектебіміздің жас мамандары қатысты.
- Математика пәнінің мұғалімі Бекжанова Манат Шекербекқызы «Математикалық сауаттылық – PIZA тапсырмаларын шешу жолдары» тақырыбында тапсырмалар көрсетті.. Математикалық сауаттылық -әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру; дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану екендігі туралы айтып өтті және оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыстар жүргізуіміз керек: Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану –тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту;Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;
Амантаева Аружан Нұрболқызы «Оқушылардың ақпараттық, функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында баяндама оқыды. Өз сөзін Ж. Аймауытовтың «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп бастады. Функционалдық сауаттылық, математикалық сауаттылық туралы анықтама бере келе ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет деп тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назрбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Өз сабағында АКТ –ның әртүрлі платформаларын қолданатындығын атап көрсетті. Сөзін қорыта келе XXI ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар, сондықтан, ұстаз алдындағы ортақ міндет – заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу, бүгінгі бала – ертенгі жарқын болашақ – деп аяқтады.
Альменова Рауза Сағынбекқызы. «Жаңа педагогикалық ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбында өз тәжірибесімен алмасты. Ол оқытуда АКТ қолдану арқылы білім берудің тиімді жолдарын ұсынып, инновациялық технологияның үрдістерін тәжірибеде қолдану жолдарын көрсетті. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау стратегиясын жүзеге асыру үшін цифрлық технологияларды таңдау керек дей отырып, әртүрлі платформаларға сілтеме берді және видеомен жұмыс жасау, интерактивті жаттығулар, ойындар, сөзжұмбақтар мен
викториналар жасау үшін сілтемелер берді.
Кошкимбаева К.А. және Джуанышова Э.Қ «Функционалдық сауаттылықты қалай арттырамыз?» тақырыбында коучинг өтті. Коучингте топтарға әртүрлі тапсырмалар берілді, топтар тапсырманы орындап түсіндірді, топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалады. Коучинг өз деңгейінде өтті, қатысқан ұстаздар ризашылығын білдірді.
Қорыта келе :
Оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Себебі оқушының кез-келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Олай болса, А.П.Конфоровичтің «Математиканың қорғанын тек күштілер мен батырлар ғана бұза алады» деген сөзін ұстана отырып, жалықпай, үлкен төзіммен, алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, жақсы тәрбие, терең білім беру үшін аянбай еңбек ете берейік. Қазақстанның одан әрі Мәңгілік Ел болып өркендеуі үшін, жан – жақты дамуы үшін оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту арқасында талай асулардан абыроймен өтеміз деп және мұғалімдер тек қана адал, қажырлы еңбек етіп, функционалдық сауаттылығы бар тұлға тәрбиелеп шығаруға міндеттіміз деген ойдамыз – деп семинарымызды аяқтадық.