Әліппе мен қоштасу ертеңгілігі.
Әліппе мен қоштасу ертеңгілігі.
2021 оқу жылында 28 желтоқсан айында 1 «Б» сынып
«Қош бол, әліппе!» аттыәліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті.
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақәліпбиі, суреттер, нақылсөздер, «Әліппе», «Анатілі», «Матем» оқулықтарыныңмұқабасы, ауызшаесепкекөрнекілік, шарлар.
Ертіңгілікте оқушылар әліппе туралы өлеңдер,тақпақтар оқып хор айтты.
Қазақтың ұлттық биін билеп,ән салды.
Мұғалім
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Міне балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Менен не үйрендіңдер?
Мұғалім: Әліппе, балалар өзің туралы тақпақ, өлең үйренді, енді соны қонақтармен бірге тыңдаңыз.
Әртүрлі қызық сұрақтарға жауап берді.
Оқушылар ертеңгілікте көтеріңкі көңіл күймен өнер көрсетті.
Ертеңгілік соңына мектеп –гимназия директоры Мадина Болатқызы мерекемен құттықтап , білім баспалдағынтұіғыш ашқан 1 сыныпбілім алушыларына ақ жол тіледі.
Сынып жетекшісі: Узбекова Лаззат Муратбекқызы
Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.