02
ноябрь
2022
«Ақпараттық дайджест» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
2022 жылдық 2 қараша күні мұғалімдер арасында «Ақпараттық дайджест» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында мұғалімдер HAND ANIMATION бағдарламасын пайдаланып, компьютерлік анимация жасау жолдарымен танысты. HAND ANIMATION бағдарламасы анимациялық қолмен жазу әдісі. Бағдарламаның басты ерекшелігі оқушыға ең жақын анимация жанрында жасалуы. Сонымен барлық анимация компьютерлік бағдарламада жасалады. Бағдарламаны мына сілтеме арқылы жүктей аласыздар: https://openschool.kz. HandAnimation – оқыту бейнесабақтарын жасауға арналған бағдарлама. Бұл бағдарлама дидактикалық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі білім беру мәселелерін шешуде мұғалімдерге баға жетпес көмек көрсетуге, жаңа материалды меңгеру кезінде қабылдаудың көрнекілігі мен сапасын арттыруға кең мүмкіндіктер береді. Семинарға 32 мұғалім қатысты. Олар «Hand animation» бағдарламасының СББР құруда оқу үдерісінің тиімді, жарқын, ақпараттық байытылған, қызықты, әрі тиімді екенін атап өтті.