IT-технологияларды қолдану, оқытудың қарапайым техникалық құралдарынан айырмашылығы қазіргі замануи студентті дайын, қатаң іріктелген, тиісті түрде ұйымдастырылған білімді кең көлемде нығайтуда
Қазіргі қоғам оқытушының
алдына тек білім беру ғана емес, білім алушының тұлғалық маңызды қасиеттерін дамыту міндетін қояды. Білім беру мақсат ретінде емес, тұлғаның даму тәсілі ретінде әрекет етеді. Бұл үшін ең керемет мүмкіндіктер ретінде заманауи IT-технологияларды ұсынады. IT-технологияларды қолдану, оқытудың қарапайым техникалық құралдарынан айырмашылығы қазіргі замануи студентті дайын, қатаң іріктелген, тиісті түрде ұйымдастырылған білімді кең көлемде нығайтуға ғана емес, сонымен қатар оның зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жаңа нақты білім алып қана қоймай, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге мүмкіндік береді.
Оқушылар өздерінің танымдық, шығармашылық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ дербестігіне өте тиімді әсер ететін өз тәжірибелерімен бір-бірімен бөліседі. Робототехниканы оқыту шешімдерді өз бетінше қабылдауға мүмкіндік беретініне көз жеткізуге болады. Және тағы да бір маңыздысы –өз әрекеттерін айналасындағылармен келісіп жасай білуі, яғни командада жұмыс істеу дағдысы.
Үйірме жетекшісі А.Молдакулов