«Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, дарынды оқушыларды дер кезінде
«Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, дарынды оқушыларды дер кезінде байқап талантың танытып, көпшілікке таныстыру ұстаздардың міндеті. Осы мақсатта №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясындағы «Ақындар мектебі» жыр-терме үйірмесінің мақсаты – бойында ақындық қабілеті бар, өлең-жырға құмар білім алушылардың бос уақытын дұрыс пайдалану, айтыс өнеріне тарту, жыр-терме орындауға үйрету, тәрбиелеу, дұрыс бағыт-бағдар беру, қазақтың төл өнерін дәріптеу. Үйірме жетекшісі ақын Бейбіт Шошабаев.