08
апрель
2026
"Жарқыра, жас маман"
Қазіргі таңда мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер етуіне қарай бағаланып, өз талабына сай орындалып отыруы тиіс. Осы мақсатта өздерінің еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету – мектептегі маңызды жұмыстардың бірі. Адамзат тарихындағы жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиісті мамандықтың иесін таңдаған мұғалімдерді қолдау, қамқорлау үшін мектебіміздің жас мамандармен жұмысы жақсы жолға қойылған. Мектебімізде жас мұғалімдердің әлеуетінің артуына, шығармашылық дамуына тәжірибелі ұстаздардан тәлімгерлер тағайындалды. Негізгі мақсат – жаңадан бастаған оқытушылардың әдістемелік дағдыларын, үнемі өздігінен даму мен өздігінен жетілуде керек қажеттіліктерін, шығармашылық қызметінің жеке стилін қалыптастыруға жағдай жасауын, білім беру үдерісіне заманауи тәсілдер мен алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды енгізуге және ақпараттық-әдіснамалық мәдениеті деңгейін арттыруға көмектесу болып табылады.

6 сәуір күні " Жарқыра, жас маман" тақырыбымен жас мамандар онкүндігінің ашылуы өткізілді. Жас мамандар ой өрісінің кеңдігі, жаңашылдығы, логикасы, сауаттылығымен әріптестеріне қуаныш, көңілді күй сыйлады. Апталықта берілетін сабақтар жоспарланды.