«Бала қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді
06
сентябрь
2023

«Бала қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді

Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта  білім беретін мектеп – гимназиясында 2023 жылдың 5 қыркүйек күні, кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында «Бала қауіпсіздігі басты назарда»  тақырыбында  ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа ЖПҚб ЮПТ полиция лейтенанты Манызқызы Арна, полиция қызметкерлері Омарова Динара, Майнусов  Айдос, аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова Сәуле Абдибаевна қатысты. 
    Жиналыс барысында  ата – аналарға аудандағы болып жатқан әртүрлі келеңсіз жағдайларды  айта отырып, толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға Заң талаптарының орындалуын, оқушылардың құқықтары мен міндеттерін сондай-ақ, оларға күтім жасау және күтіп бағу жөніндегі міндеттерінің орындауларын, ол орындалмаған жағдайда он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын жеткізді. Жиналыста оқушылардың сабақтан себепсіз қалуы, яғни ол 10 күннен артық қалған жағдайда айыппұл төленетінін ескертті. Сонымен қатар кибербуллинг-бопсалау, оқушылардың ұялы телефонды дұрыс пайдалану, басқа біреудің суретін жүктемеу, олардың достарымен қарым – қатынасын қадағалауларын айтты. Мектепке гидроскутер, мопед т.б.  электронды көліктермен келмеулерін, кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ екенін және оған хаттама толтырылып,айыппұл салынатынын ескертті. Буллинг, кибербуллинг, интернет алайақтық фактілері туралы ақпараттандырылды. Кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта заңды өкілімен, ата – аналарынсыз  жүруіне сағат 22:00 ден таңғы 06:00  дейін ойын – сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде жүрмеулерін, кешке кафе, ойын сауық орталықтарында балаларының жұмыс жасамауын айтты. Ондай жағдайда үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынындығын  ескертті.  Мұғалімдерге дөрекі сөздер айтып, балағаттаса да әкімшілік айыппұл салынатынын жеткізді. Ата-аналарға қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар таратылды




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив