03
июнь
2026
“Жолдағы балалар” республикалық профилактикалық іс-шарасы және жасөспірімдер қауіпсіздігі
2026 жылдың маусым айының 03-07 күні аралығы республикалық “Жолдағы балалар” атты жедел/ профилактикалық іс -шарасы және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Меркі ауданы полиция бөлімінің бастығы О.Т. Омарбековтің қатысуымен жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған пікір алмасу алаңы форматындағы кездесу өткізілді.Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция бөлімінің бастығы О.Т. Омарбековпен еркін пікір алмасты. Сонымен қатар жасөспірімдердің қауіпсіздігі, интернет желісіндегі қауіп-қатерлерден сақтану, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері мен құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу аясында қатысушыларға аудандық полиция бөлімінің жұмысымен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметі, бөлімнің құрылымы мен негізгі міндеттері туралы мағлұмат алды.
Аталған кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеуге бағытталды. Жасөспірімдер өз ойларын ашық білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды.