28
ноябрь
2022
⚜️👴"Жеті атаңды білесің бе?" топтық сайыс

⚜️👪"Берекелі шаңырақ" жобасы аясында ұл балалардың жеті аталары туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге үйрету мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 5-9 сыныптың ұл балаларының арасында "Өзін-өзі басқару ұйымы" ұйымдастыруымен "Жеті атаңды білесің бе?" топтық сайыс болып өтті. Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Әрбір қазақ жеті атасын жетік білуі міндетті, бұл отбасылық тәлім-тәрбиенің негізі. Дәл осы тақырыпта «Тегін білмеген – тексіз» (Таныстыру), «Шежіре сыр шертеді» (Ұрпақ сабақтастығы туралы шығармашылық),«Көңілі ояу, көзі ашық» (Сұрақ - жауап),« Жігітке 7 өнер де аз» кезеңдері бойынша сайыскерлеріміз сынға түсті. Нәтижесінде жеңіске жеткен, барлық кезеңдерден сүрінбей өткен топтар мадақтамамен марапатталды. Бұл іс-шарадан қатысушылар да, көрермендер де жеті атаны білу- ұлыстың ғұмырнамасы, қазақы салт пен сананың сары сандығы, жөн-жоралғының бұлжымас ережесі, қан мен тек тазалығының кепілі екендігін білді.