✔️"АТА ТӘРБИЕСІ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУ БҰЛАҒЫ" » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ✔️"АТА ТӘРБИЕСІ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУ БҰЛАҒЫ"
19
январь
2023

✔️"АТА ТӘРБИЕСІ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУ БҰЛАҒЫ"

✔️"АТА ТӘРБИЕСІ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУ БҰЛАҒЫ"
✔️"Берекелі шаңырақ" жобасы аясында және тәрбие жоспарының отбасылық тәрбие бағыты бойынша аталар, әкелер кеңесінің жұмысын кеңінен насихаттау арқылы олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, ер балаларды ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке баулу, қыз балалар бойында адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту мақсатында "Ата тәрбиесі - тәрбиенің бастау бұлағы" тақырыбында мектеп-гимназия "Аталар" кеңесінің төрағасы - Енсебеков Камидолла, Меркі аудандық ардагерлер президиум мүшесі - Жұматаев Мэлс Мамытұлы, Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Садықбеков Талғат Мақсымханұлы, Сарымолдаев ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы - Асадова Севиль, Сарымолдаев ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің мүшесі - Закирбаев Нусипхан аталармен кездесу өткізілді. «Телефоныңа емес, отбасыңа көңіл бөл!» бейнесюжеті бойынша кездесу қонақтары әкенің қоғамда, отбасындағы орнын дәріптеді. Одан әрі «Атаңа жасағаның алдыңа келеді», «Әке мен бала» атты бейнеролик бойынша «Зиянды заттар», «Қыз теке жігіттер» «Мамандық таңдау», "Қауіпті сайттар" және атаның, әкенің, ер мұғалімдердің бала өмірінде алатын орны төңірегінде ойлар ортаға салынды. Сондай-ақ, қатысушы-аталар «ата, әке тұлғасына» тән қасиеттер мен отбасы құндылықтары турасында ұсыныстарымен бөлісті. Әр сала қызметкерлерінің пікірлері мәнді, келешек ұрпақ тәрбиесіне алаңдайтынын, бей жай қарамайтынның дәлелі дерсің... Естір құлаққа, көрер көзге тәрбиесі мол ер адамға қажет тағылымды көбіне атасынан, әкесінен үйренуге ұмтылатынын, жасында ұғынбағанды оның ер жеткенде түсіне қоюы екіталай екендігін, сондықтан, әрбір әке бауыр еті баласының қоғамдағы өз орнын қателеспей табуына ықпал ету керектігі, қыз бала болсын, ер бала болсын еңбекқор, намысты, әділ, патриот болу керектігі туралы білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, іс-шара соңында естелікке фотоға түсті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив